Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Алматыда ғылымды дамытудың 2027–2029 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Алматыда ғылымды дамытудың 2027–2029 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты

    Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты

    Әзірбайжан Каспий теңізіндегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтып, отбасыларына күш пен сабыр тіледі. Маңғыстау облысындағы жаттығу кезінде 19 әскери теңізге ағызылып, тоғызының қазасы расталды.

    Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты

    Әзірбайжан Каспий теңізіндегі қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі әскери жаттығулары кезінде адамдардың қаза табуы бізді қатты қайғыртты. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, бауырлас қазақ халқына және Қазақстан үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз. Алла қаза тапқандардың рухына мәңгілік тыныштық беріп, отбасыларына осы қиын кезеңде күш пен сабыр нәсіп етсін. Із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен табылуына үміттенеміз және зардап шеккен әскери қызметшіге тез арада сауығып кетуін тілейміз», – делінген Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде.

    Бұған дейін алдын ала мәліметтер бойынша Маңғыстау облысындағы жаттығулар кезінде 19 әскери қызметші теңізге ағызылып кеткені белгілі болды. Олардың тоғызының қаза тапқаны расталды.

    Кейінірек Бас прокуратура оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    Сондай-ақ оқиғаның себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →