Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық ушу-саньдашы Абдурашид Абдуллаев Жапониядағы Азия ойындарының финалында Иран спортшысына жол беріп, күміс медальға қол жеткізді.
Фото: ҰОК
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев ушу-саньдадан финалға шықты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін күресті. Шешуші белдесуде Абдурашид Иран өкілі Сохейл Мусавимен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.
