Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті «Қазіргі жұмысым-осы!»: Сәкен Майғазиев немере бағып жүргенін айтты (ВИДЕО) Қазгидромет: 10 қыркүйекте бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін Елена Рыбакина US Open жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды Солтүстік Қазақстанда полиция талабына бағынбаған көлік өртеніп кетті Трамп Иранның тоғыз кемесі жойылғанын мәлімдеді БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті «Қазіргі жұмысым-осы!»: Сәкен Майғазиев немере бағып жүргенін айтты (ВИДЕО) Қазгидромет: 10 қыркүйекте бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін Елена Рыбакина US Open жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды Солтүстік Қазақстанда полиция талабына бағынбаған көлік өртеніп кетті Трамп Иранның тоғыз кемесі жойылғанын мәлімдеді

    Солтүстік Қазақстанда полиция талабына бағынбаған көлік өртеніп кетті

    Солтүстік Қазақстан облысында полицияның тоқтау талабына бағынбаған Hyundai Palisade көлігі жол қоршауына соғылып, өртеніп кетті. 55 жастағы жүргізуші ұсталды.

    Солтүстік Қазақстанда полиция талабына бағынбаған көлік өртеніп кетті

    Сурет: Видеодан скриншот

    Солтүстік Қазақстан облысында автокөлік өртеніп кетті. Оқиға 5 қыркүйекте таңғы сағат 5 шамасында тіркелген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Петропавл қаласынан шығатын жерде Hyundai Palisade маркалы көліктің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған. Осыдан кейін ол жоғары жылдамдықпен қозғалысын жалғастырып, жолдағы қоршауға соғылған.

    Алайда жүргізушінің өзі оқиға орнынан кетіп қалған, ал көлікте мас күйдегі екі жолаушы қалған.

    «Олардың біріне оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көліктен шығуға көмектесті. Осыдан кейін автокөліктен өрт шыққан. 55 жастағы жүргізуші ұсталып, полицияға жеткізілді», — дейді полицейлер.

    Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оның әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға барлық қажетті процестік әрекеттердің нәтижелері бойынша беріледі, дейді полицейлер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →