Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр •

    Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы күнінде Қазақстан құрамасы 32-ші алтын медалін иеленді. Тоғызқұмалақ, мангала, көкбөрі және басқа спорт түрлеріндегі нәтижелер туралы оқыңыз.

    Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын

    Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Алтыншы жарыс күнінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы тағы да жоғары нәтиже көрсетті. Ел спортшылары көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари сынды дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсіп, қоржынға бірнеше жүлде салды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Зияткерлік ойындардан бүгін шешуші кезеңдер өтті. Тоғызқұмалақтан қазақстандықтар 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алса, мангаладан 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Сондай-ақ, африкалық дәстүрлі овари ойынынан да жүлдесіз қалмады.

    Ал көкбөріден өткен финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Қырғызстанда кең тараған бұл спорт түрінде қырғыз командасы басым түсіп, алтын алды. Қазақстан құрамасы күміспен шектелді.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →