Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады

    Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушылар рейстерін қабылдады. Жаңа аэровокзал кешені салынып, 136 жұмыс орны ашылды. Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асқан жоба туралы толығырақ оқыңыз.

    Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады

    Фото: "Жаңа адамдар" баспасөз қызметі

    Арқалықтағы әуежай 30 жылдан астам уақыт бойы жолаушылар рейстерін қабылдамаған еді. Енді, жаңа аэровокзал кешенінің салынуымен бұл олқылық толықтырылып, қала әуе қатынасын қайта жандандырды. Бұл туралы «Жаңа адамдар» қозғалысының QALA жобасының жаңа шығарылымында айтылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әуежай құрылысына жалпы 20 млрд теңге жұмсалған. Соның ішінде 5 млрд теңгеден астамы заңсыз шығарылған активтердің қайтарылуы есебінен құрылған Арнайы мемлекеттік қордан бөлінді. Құрылыс жұмыстары небәрі 10 айда аяқталып, қызу жұмыс кезеңінде нысанда шамамен 800 адам еңбек еткен. Бұл жоба аясында 136 тұрақты жұмыс орны ашылды.

    Бұл бастаманың негізінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арқалық әуежайын қайта жандандырып, жаңа аэровокзал кешенін салу жөніндегі тапсырмасы жатыр. Мемлекет басшысы әуе қатынасын қалпына келтіру елдің көлік байланысын нығайтып қана қоймай, Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.

    Арқалықтағы жаңғырту жұмыстары тек әуежаймен шектелмейді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Танжариковтың айтуынша, қаланың 70 жылдығына орай теміржол вокзалы да жаңартылған. Сонымен қатар ескі ғимараттар қалпына келтіріліп, тұрғындардың бастамасымен жаңа кәсіпкерлік нысандар ашылып жатыр.

    Алдағы маңызды жобалардың бірі – «Орталық – Батыс» автомагистралін қайта жаңарту. Жоба жүзеге асса, Астана мен Арқалық арасындағы жол шамамен 350 шақырымға дейін қысқарады. Бұл аймақтың экономикасына тың серпін берері сөзсіз.

    «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Алихан Сарсенов өңірлерде жол салынып, вокзал жаңарып, әуе қатынасының қалпына келуі қалалар үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда болғанын көрсететінін айтты. Ол: «Алда әлі атқарылатын жұмыс көп. Бірақ 30 жылдан кейін алғашқы ұшақтың қонуы Арқалық тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін жақсы белгі», – деп атап өтті.

    Арқалықтың бүгінгі тынысы мен қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар QALA жобасының толық шығарылымында көрсетілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →