Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр •

    Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды

    Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі жарияланды. Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен спортшылар құрамы толық белгілі болды.

    Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды

    Сурет: ҰОК

    Біріккен күрес әлемі (UWW) Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын балуандардың тізімін жария етті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Құрлықтық додада сынға түсетін Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

    Еркін күрес: 57 келіге дейін – Нұрданат Айтанов, 65 келіге дейін – Начын Куулар, 74 келіге дейін – Нұрқожа Қайпанов, 86 келіге дейін – Азамат Дәулетбеков, 97 келіге дейін – Ризабек Айтмұхан, 125 келіге дейін – Едіге Қасымбек.

    Грек-рим күресі: 60 келіге дейін – Ернұр Фидахметов, 67 келіге дейін – Мейіржан Шермаханбет, 77 келіге дейін – Демеу Жадыраев, 87 келіге дейін – Шамиль Ожаев, 97 келіге дейін – Ислам Евлоев, 130 келіге дейін – Олжас Сырлыбай.

    Әйелдер күресі: 50 келіге дейін – Зейнеп Баянова, 53 келіге дейін – Шұғыла Өмірбек, 57 келіге дейін – Нилуфар Раимова, 62 келіге дейін – Ирина Кузнецова, 68 келіге дейін – Жәмила Бақбергенова, 76 келіге дейін – Эльмира Сыздықова.

    Айта кетерлігі, Азия ойындарындағы күрес бәсекелері 30 қыркүйекте басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →