Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
2026 жылғы екінші тоқсанда Қазақстандағы орташа жалақы 486 388 теңгеге жетті. Ең жоғары табыс қаржы және сақтандыру саласында – 1,1 млн теңге.
Фото: Depositphotos
2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 486 388 теңгені құрады. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5,4 пайызға, ал былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 8,4 пайызға жоғары. Дегенмен, инфляцияны ескерсек, нақты өсім 1,8 пайызға төмендеген. Елдегі медианалық жалақы 348 415 теңге болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ең жоғары өсім ауыл, орман және балық шаруашылығында байқалды – 17,5 пайыз. Құрылыста бұл көрсеткіш 16,9 пайызға, ал қаржы және сақтандыру қызметінде 16 пайызға артты. Өнеркәсіптегі орташа жалақы 11,4 пайызға өскен.
Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласында тіркелген – орта есеппен 1 107 576 теңге. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 2,3 есе артық. Екінші орында тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру саласы – 980 334 теңге. Ақпарат және байланыс саласында бұл көрсеткіш 851 076 теңгеге жеткен. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және қоймалау, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында да орташа жалақы 600 мың теңгеден асады.
