Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Оралда ECOBATYS республикалық семинары өтті • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Оралда ECOBATYS республикалық семинары өтті •

    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді?

    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді?
    Фото: pixabay

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте Қазақстанның сегіз облысында болған жаппай электр қуатының өшуіне қатысты түсініктеме берді.

    Министрдің айтуынша, ауқымды ақауға электр желісіндегі технологиялық бұзушылық себеп болған, соның салдарынан бірнеше өңір бір мезетте жарықсыз қалған.

    Алайда халықты алаңдатқан басты мәселе – бір ақаудың неге бірден сегіз облыстың электр жүйесіне әсер еткені және мұндай жағдайға энергетика саласының қаншалықты дайын болғаны.

    Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуды басты міндет деп көрсетеді, биыл электр желілерінің 17,1 мың шақырымын және 444 қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған.

    Соған қарамастан, сегіз облыстың бір мезетте жарықсыз қалуы қолданыстағы электр желілерінің сенімділігі мен апаттың алдын алу жүйесіне қатысты сұрақты қайта көтеріп отыр.

    Енді министрлік тек апаттың себебін түсіндірумен шектелмей, осындай жағдайдың қайталанбауы үшін нақты қандай шара қабылданатынын да ашық айтуы керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →