Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • American Airlines рейсінде ноутбук өртеніп, жолаушылар жеңіл күйік алды

    American Airlines рейсінде ноутбук өртеніп, бірнеше жолаушы жеңіл күйік алды. Экипаж өртті бес минутта сөндірді, ұшақ қауіпсіз қонды.

    American Airlines рейсінде ноутбук өртеніп, жолаушылар жеңіл күйік алды

    Сурет: turkystan.kz

    Атлантадан Далласқа ұшқан American Airlines әуекомпаниясының 2398-рейсінде жолаушының ноутбугі тұтанып, салон іші түтінге толған. Оқиға салдарынан бірнеше адамның қолы күйген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бортта 133 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақтың қонуына жарты сағаттай қалғанда жолаушылардың бірінің ноутбугі кенеттен түтін шығарып, кейін жалын шалған.

    Құрылғы иесі жанып тұрған ноутбукті лақтырып жіберген. Содан кейін бірнеше жолаушы экипажға өртті сөндіруге көмектескен.

    Пилоттың диспетчерлермен сөйлескен аудиожазбасында өртті ауыздықтауға қатысқан төрт-бес адамның қолы күйгені айтылады.

    Жолсеріктер өртті шамамен бес минут ішінде сөндірген. Зақымданған ноутбук арнайы отқа төзімді қапқа салынған.

    Оқиғаға қарамастан, экипаж бағытын өзгертпей, Далласқа ұшуды жалғастырған.

    Ұшақ әуежайға қонған кезде оны төтенше жағдай қызметтері мен дәрігерлер күтіп алған. Жолаушылардың біріне медициналық көмек көрсетілген.

    АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы оқиғаға байланысты тергеу бастады. American Airlines компаниясы 2398-рейстің Даллас-Форт-Уэрт әуежайына қауіпсіз қонғанын мәлімдеп, құрылғыны жедел оқшаулаған экипаж мүшелерінің кәсіби әрекетіне алғыс білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →