Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады

    Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

    Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізу жоспарлануда. Жаңа бағдарлама аясында сақтандыру тарифтері мен тәсілдері өзгереді.

    Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

    Сурет: ernur.kz

    Қазақстанда 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының жобасы әзірленді. Құжатта тұрғын үйлерді жер сілкінісі, су тасқыны және табиғи орман өрттерінен міндетті сақтандыруды енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бағдарламаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындаған. Негізгі мақсат – міндетті сақтандыру жүйесін азаматтар мен бизнес үшін түсінікті әрі икемді ету, сондай-ақ сақтандыру қорғанысын нақты тәуекелдерге бейімдеу.

    Қазіргі уақытта елімізде 8 міндетті және 10 жүктелген сақтандыру түрі қолданылады. Алайда олардың реттелу тәртібі әртүрлі. Осыған байланысты агенттік міндетті сақтандырудың бірыңғай моделіне көшуді ұсынып отыр. Жаңа тәсіл бойынша сақтандырудың негізгі қағидалары заң деңгейінде бекітіледі, ал экономикалық жағдай мен тәуекелдердің өзгеруіне байланысты параметрлер қосымша нормативтік актілер арқылы реттелмек.

    Бағдарлама аясында сақтандыру тарифтерін есептеу жүйесі де өзгереді. Болашақта полис құны азаматтың немесе ұйымның нақты тәуекел деңгейіне қарай белгіленуі мүмкін. Бұл ретте сақтандыру компаниялары реттеуші бекіткен тарифтік дәліз шегінде жұмыс істейді.

    Реформаның алғашқы кезеңінде тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізу ұсынылған. Егер бастама қабылданса, үйі немесе пәтері жер сілкінісі, су тасқыны немесе орман өрті салдарынан бүлінген азаматтар сақтандыру төлемін ала алады. Бұл тұрғындардың барлық шығынды өз қаражаты есебінен өтеуіне немесе тек мемлекеттік көмекке сенуіне жол бермеуге бағытталған.

    Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, Қазақстанға келетін шетелдік туристер үшін міндетті медициналық сақтандыру енгізу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Мұндай полис шұғыл медициналық көмек, медициналық тасымалдау және репатриация шығындарын қамтуы мүмкін. Сақтандырудың бар-жоғы цифрлық форматта тексеріледі деп жоспарланған.

    Агенттік жаңа міндетті сақтандыру түрлері автоматты түрде енгізілмейтінін атап өтті. Әрбір бастама бойынша сақтандыру төлемдерінің қолжетімділігі, тәуекелдер деңгейі және қолданыстағы қорғаныс тетіктері жан-жақты бағаланбақ.

    Мамандардың айтуынша, реформа нәтижесінде міндетті сақтандыру формальді талап емес, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді құралға айналуы тиіс. Бұл әсіресе табиғи апат қаупі жоғары өңірлер үшін өзекті мәселе болып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →