Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді Эрлинг Холанд жаңа маусым қарсаңында шаш үлгісін өзгертті «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді Эрлинг Холанд жаңа маусым қарсаңында шаш үлгісін өзгертті

    «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады

    «Байтақ» партиясының өңірлік филиалдары Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін мойындап, жұмыс тәсілдерін жаңарту қажеттігін айтты.

    «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады

    Сурет: turkystan.kz

    «Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік филиалдары Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысына қатысты пікір білдірді. Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы партия бөлімшелерінің өкілдері азаматтардың таңдауын құрметтейтінін және дауыс беру нәтижелерін қабылдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Exit poll деректеріне сүйенген өңірлік филиал өкілдері партия ішіндегі жұмыс әдістерін жаңарту қажеттігін де атап өтті. Олардың пікірінше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

    «Байтақ» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Тұрсынбек Байтемиров Facebook-тегі парақшасында бейнеүндеу жариялап, сайлаушылардың таңдауына құрметпен қарайтынын және жарияланған алдын ала көрсеткіштерді мойындайтынын білдірді.

    «Алдағы уақытта бүгінгі нәтижені ескере отырып, өз ұстанымымыз бен бағдарламамызды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қоршаған ортаны қорғау, таза су мен таза жер мәселелері бойынша нақты шешімдерге қол жеткізуге күш саламыз. Жұмысымызды жетілдіріп, келесі сайлауға дайындаламыз», – дейді Байтемиров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →