Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Экономикалық өсімнен халықтың әл-ауқатына дейін: сарапшы Президент Жолдауының маңызын түсіндірді • Қуатты қалалар – қуатты мемлекеттің негізі: Қазақстанда урбандалу мен адами капиталды дамыту неге маңызды? • Президент жолдауына сарапшы пікірі: Құрылысқа жұмсалған әр теңгенің басым бөлігі ел ішінде айналымға түседі • Трамп Венесуэланы АҚШ-тың «51-штаты» деп атады • Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген азамат 16 жылға сотталды • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Экономикалық өсімнен халықтың әл-ауқатына дейін: сарапшы Президент Жолдауының маңызын түсіндірді • Қуатты қалалар – қуатты мемлекеттің негізі: Қазақстанда урбандалу мен адами капиталды дамыту неге маңызды? • Президент жолдауына сарапшы пікірі: Құрылысқа жұмсалған әр теңгенің басым бөлігі ел ішінде айналымға түседі • Трамп Венесуэланы АҚШ-тың «51-штаты» деп атады • Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген азамат 16 жылға сотталды • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды •

    Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты

    Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты

    Киев қалалық әскери әкімшілігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан 6 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы DW-ге сілтеме жасап.

    Бұған дейін Украина астанасының мэрі Виталий Кличко үш адамның қаза тауып, 20 адамның зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

    «Олардың 14-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына медициналық көмек амбулаториялық жағдайда немесе оқиға орнында көрсетілді», – деп жазды Виталий Кличко өзінің Telegram-арнасында.

    Соломен ауданында зымыран сынықтары 5 қабатты тұрғын үйдің маңына құлаған. Ғимараттың терезелері сынған, өрт шыққан.

    Виталий Кличконың айтуынша, 9 қабатты тұрғын үй де соққыға ұшырап, оның жоғарғы қабаттары қираған.

    Тағы бір мекенжайдағы паналау орнында адамдар қамалып қалған. Сол ауданда балалар ауруханасының ғимараты зақымданып, медициналық мекеме аумағындағы автокөліктер өртенген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →