Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады •

    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған азамат пен полицей марапатталды

    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған тұрғын мен полицей алғыс хатпен марапатталды. Оқиға 16 тамызда болды, бала аман-есен анасына табысталды.

    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған азамат пен полицей марапатталды

    Сурет: turkystan.kz

    Атырау облысының полиция департаментінде бала қауіпсіздігіне бейжай қарамаған тұрғын мен жедел әрекет еткен полиция қызметкері алғыс хатқа ие болды. Бұл марапаттау рәсімін департамент бастығы Оңал Бекеев жүргізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 16 тамызда таңертең болған. Атырау қаласындағы саябақта жалғыз жүрген 3 жасар бүлдіршінді байқаған Арман Вилориевич есімді тұрғын бірден «102» арнасына хабарласқан.

    Полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиев шақыртуды алған соң 10 минут ішінде оқиға орнына жетіп, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Кейін анасы анықталып, бала аман-есен табыс етілген.

    Департамент бастығы азаматтың жауапкершілігі мен полицейдің кәсіби әрекетін жоғары бағалап, бұл оқиға бала қауіпсіздігіне қатысты әркімнің қырағылығы маңызды екенін көрсеткенін атап өткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →