Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Абай облысынан 4 мың жылдық арба бейнеленген тас табылды • Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаева туған күніне күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, мақтанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Абай облысынан 4 мың жылдық арба бейнеленген тас табылды • Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаева туған күніне күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, мақтанды •

    Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді

    Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді

    Павлодарда көлік қағып, ауыр жарақат алған 60 жастағы әйелдің отбасы істің тергелу барысына күмән келтіріп отыр. Оқиға 14 тамызда Нұрмағамбетов пен Қамзин көшелерінің қиылысында болған, көлік тізгінінде Павлодар прокуратурасының қызметкері отырғаны ресми расталған, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жәбірленушінің бас сүйегі, қабырғалары мен бұғанасы сынып, басына операция жасалған, кейін ішкі қан кету басталғаны хабарланды. Әйелдің отбасы жүргізушінің тұлғасына байланысты істің әділ тергелуіне алаңдап, тергеуші бейнебақылау камераларындағы жазбалардың сапасы нашар екенін айтқанын жеткізді.

    Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, істі Павлодар облысының Полиция департаменті тергеп жатыр. Жүргізуші оқиға орнынан қашпаған және жедел жәрдем шақырғаны айтылды, ал апаттың нақты мән-жайы тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады.

    Видео: @tugyr.kzz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →