Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады •

    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Фото: depositphotos.com

    Көкшетау мен Зеренді арасындағы тасжолда Mini Cooper және Audi маркалы екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат агенттігі.

    Полицияның алдын ала мәліметінше, Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Audi көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал Mini Cooper көлігіндегі тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.  Mini Cooper жүргізушісі ұсталды.

    Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Жол апаты туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қайта жаңғыртылып жатқан тасжол учаскесінде болған. Жоба аясында жолды кеңейтіп, үш жолақты реверсивті қозғалыс енгізу жоспарланған. Алайда жұмыстар әлі аяқталмаған.

    Қазір жолдың басым бөлігінде жолақ белгілері жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →