Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Лионель Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды (ФОТО)

    Лионель Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды (ФОТО)

    Фото: Instagram/clarincom

    Аргентинаның Росарио қаласында 9 тамыз күні Лионель Мессидің әкесі Хорхе Мессиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Марқұмды жерлеу рәсіміне оның туған-туыстары мен отбасының жақын достары ғана қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Аргентинаның Clarin басылымының мәліметінше, Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы науқастанып, 7 тамызда 69 жасқа қараған шағында дүниеден өткен.

    Аргентина құрамасының капитаны әрі АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әкесімен қоштасу үшін туған қаласына арнайы келген.

    Қоштасу рәсімі Эль-Прадо зиратында өтті. Оған марқұмның ең жақын туыстары мен отбасының достары ғана қатысты.

    Хорхе Мессидің денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпараттар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезінде-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тараған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →