Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды

    Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысындағы психиатриялық ауруханадағы жағдайға қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты тексеріп, оның расталмағанын хабарлады.

    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды

    Сурет: kznews.kz

    Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысы Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханаға қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты тексерді. Бұл мекемеде атышулы Николай Жұмағалиев мәжбүрлі ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде клиника қызметкерлері пациенттерге қысым көрсететіні, физикалық шектеу шараларын қолданатыны және дәрі-дәрмекті ықпал ету құралы ретінде пайдаланатыны туралы жазбалар тараған.

    Министрліктің мәліметінше, тексеру барысында аталған деректер расталмаған. Сондай-ақ науқастардың ар-намысына тиетін әрекеттер жасалғаны туралы ақпаратқа да дәлел табылмаған.

    Ведомство әлеуметтік желідегі жазбада шамамен 18 жыл бұрын болған оқиғалар сипатталғанын атап өтті. Автор 2008 жылы медициналық ұйымның бірнеше бөлімшесінде болған жағдайларды өзінің жеке естеліктеріне сүйеніп баяндаған. Алайда жарияланымда автордың жеке деректері көрсетілмеген.

    Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тараған мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп бағалап, жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Николай Жұмағалиевке ұқсайтын адамның видеосы тараған еді. Видео авторы клиникадағы жағдайға шағымданып, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға үндеу жасаған. Кейін министр аталған медициналық мекемеге тексеру жүргізуді тапсырды.

    Николай Жұмағалиев кім?

    Николай Жұмағалиев («Темір азу» деген лақап атпен белгілі) бірнеше әйелді өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Тергеу деректерінде оның каннибализм әрекеттеріне барғаны да көрсетілген.

    1980 жылы ол кезекті қылмыстан кейін ұсталған. Сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде оған психикалық ауру диагнозы қойылып, қылмыстық жаза орнына мәжбүрлі ем тағайындалған.

    1989 жылы Жұмағалиев арнайы медициналық мекемеден қашып кеткен. Кейін қайта ұсталып, содан бері Алматы облысындағы мамандандырылған психиатриялық мекемеде ем қабылдап келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →