Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Байларға салық көбейіп, кәсіпкерлерге тексеру азая ма? • Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ • Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті? • Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр • Пауэрбанк жарылуы: Қауіпті белгілер мен сақтану жолдары • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • Байларға салық көбейіп, кәсіпкерлерге тексеру азая ма? • Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ • Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті? • Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр • Пауэрбанк жарылуы: Қауіпті белгілер мен сақтану жолдары • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты •

    Қазақстанда алғаш рет Майдандық авиация күні аталып өтуде

    Қазақстанда алғаш рет Майдандық авиация күні аталып өтуде

    Фото: gov.kz

    Бұл күннің 5 тамызға белгіленуінің де өзіндік мәні бар. Дәл осы күні, 1922 жылдың 5 тамызында аты аңызға айналған әскери ұшқыш-шабуылдаушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол белгілі Ил-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 жауынгерлік ұшу орындап, теңдессіз ерлік, нағыз ұшқышқа тән шеберлік және Отанға адалдықтың үлгісін көрсетті.

    – Майдандық авиация күнінің 5 тамызға белгіленуі – даңқты жерлесіміз Талғат Бигелдиновке, оның майдандас серіктеріне көрсетілген құрмет әрі бүгінгі әскери ұшқыштардың, инженерлер мен техниктердің еңбегін мойындаудың белгісі. Шабуылдаушы ұшқыштардың шебері атанған қаһарманның ерлігі әлі күнге дейін әскери қызметшілерді оқу-жауынгерлік міндеттерді мінсіз орындауда, кәсіби шеберлігін шыңдауда және күрделі ұшу тәсілдерін жетілдіруде жігерлендіріп келеді, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.

    Қазақстанның қазіргі майдандық авиациясы аңызға айналған майдангер ұшқыштар қалыптастырған жауынгерлік дәстүрдің заңды жалғасы және олардың ісін абыроймен жалғастырып, елдің әуе шекарасын сенімді қорғап жүр.

    Заманауи көпфункциялы Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен және жаңғыртылған Су-25 шабуылдаушы ұшақтарымен жарақтандырылған майдандық авиация – Әуе қорғанысы күштерінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Ол қойылған міндеттерді барынша ұтқырлықпен, дәлдікпен және тиімділікпен орындайды.

    Атаулы датаға орай еліміздің барлық негізгі авиациялық базаларында әскери қызметшілер мен Қарулы Күштердің ардагерлерін құрметтеу рәсімдері, батыр қырандардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, сондай-ақ әскери авиацияның даңқты дәстүрлерін жас ұрпаққа насихаттауға арналған кездесулер өткізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →