Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ • Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті? • Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр • Пауэрбанк жарылуы: Қауіпті белгілер мен сақтану жолдары • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ • Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті? • Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр • Пауэрбанк жарылуы: Қауіпті белгілер мен сақтану жолдары • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті •

    «Қарағанды Су» кәсіпорнына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

    «Қарағанды Су» кәсіпорнына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

    Қарағанды облысында «Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорнына экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жоспардан тыс тексеру барысында кәсіпорынның Аэрация станциясынан шыққан тазартылған ағынды сулар құрамында ластаушы заттар мөлшерінің белгіленген нормадан асқаны анықталған.

    Зертханалық зерттеу нәтижесінде ағынды сулардағы аммиак (азот) мөлшері 2,57 мг/дм³ болған. Бұл рұқсат етілген 2,49 мг/дм³ көрсеткіштен жоғары. Сондай-ақ нитриттер мөлшері 0,925 мг/дм³-ге жеткен, ал белгіленген норма — 0,365 мг/дм³.

    Экология департаменті бұған дейін, 2025 жылы да кәсіпорынға қатысты Соқыр өзеніне төгілетін тазартылған ағынды сулардан аммонийлі азот мөлшерінің артуы тіркелгенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға қатысты әкімшілік іс қозғалып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар 9 млн 872 мың 403 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Фото: 24 kz

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →