Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Нұрай Серікбай ісі: бұрынғы тергеуші сотта сөз сөйледі

    Нұрай Серікбай ісі: бұрынғы тергеуші сотта сөз сөйледі

    Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

    Нұрай Серікбай ісі бойынша сотта Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі Әбілғазы Артықбай куәлік берді. Ол 2025 жылғы қазандағы «алып қашу» туралы хабарламадан кейін полицияның қандай әрекет жасағанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    Куәгердің сөзінше, Нұрайдың ағалары полицияға қарындасын еркінен тыс алып кеткені туралы хабарлаған. Оқиға орнына барған полицейлер үйде тойға дайындық жүріп жатқанын көрген. Нұраймен жеке сөйлескенде, ол Шерханмен кездесіп жүргенін және бұл үйге өз еркімен келгенін айтқан.

    Кейін Нұрай мен Шерхан полиция басқармасына жеткізіліп, бөлек жауап алынған. Бұрынғы тергеушінің айтуынша, олардың түсініктемелері бір-біріне сәйкес келген. Нұрай жазбаша түрде ешкімге шағымы жоқ екенін көрсеткен, ал жауап беру сәті бейнежазбаға түсірілген.

    Алайда келесі күні қыздың отбасы арызданғаннан кейін материалдар қайта тексерілген. Прокурор Нұрайдан қайта жауап алып, оған қысым жасалды ма деп сұраған. Нұрай түсініктемені өз еркімен жазғанын, ал арыз әкесі мен ағаларының өтінішімен берілгенін айтқан.

    Сотта куәгер Нұрайдың ағалары бұл некеге бастапқыдан қарсы болғанын да растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →