Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Мәдинадан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оман қаласына қонды Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: мәдениетсіз көрермен мен бейғам әкімдіктің әрекеті желіні шулатты Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Мәдинадан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оман қаласына қонды Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: мәдениетсіз көрермен мен бейғам әкімдіктің әрекеті желіні шулатты Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды

    Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды

    Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды

    Фото: видео скриншот

    Ақтөбедегі Құрмыш ауданы Бурабай көшесінің (бұрынғы Кобзев) шұрық-тесік жолы қала әкімдігінің жауапсыздығын тағы бір мәрте әшкереледі. Көшенің атын өзгерткенге келгенде белсенділік танытқан билік өкілдері, оның сапасын жақсартуға келгенде саусағын да батырмай отыр.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода жүргізуші: «Егер биыл жөндеу жасалмаса, келесі жылы мұнда тек БТР-мен жүретін боламыз», — деп әкімдіктің әрекетсіздігіне қатты ашуланды.

    Жаңбыр жауса көлге айналатын бұл көшеде қазірдің өзінде жеңіл көліктердің жүріп-тұруы нағыз азапқа айналған. Қала әкімдігі Құрмыш ауданын назардан тыс қалдырмай, Бурабай көшесін дереу жөндеу кестесіне енгізуі тиіс.

    «Бұнда да адамдар тұрады» деген тұрғындардың ашынған үнін әкімдік ендігі жерде елеусіз қалдырмауы керек.

    Видео: @info_aqtobe

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →