Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Тойды 3 жылдан кейін жасадық»: Диана Скатова мен күйеуі ауыр сынағы жайлы айтты (ВИДЕО) Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Мәдинадан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оман қаласына қонды Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: мәдениетсіз көрермен мен бейғам әкімдіктің әрекеті желіні шулатты Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды «Тойды 3 жылдан кейін жасадық»: Диана Скатова мен күйеуі ауыр сынағы жайлы айтты (ВИДЕО) Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Мәдинадан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оман қаласына қонды Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: мәдениетсіз көрермен мен бейғам әкімдіктің әрекеті желіні шулатты Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды

    35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды

    35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды

    Фото: © istockphoto.com

    Астанада тендерлік жобаларға инвестиция салуды ұсынып, алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 11 жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 35 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok пен Threads әлеуметтік желілерінде жоғары табыс әкелетін инвестициялық жобалар туралы жарнамалар жариялаған. Қызығушылық танытқан азаматтарды бейнеқоңырау арқылы тендерлік жобаларға ақша салуға үгіттеп, ресми әріптестік пен қысқа мерзімде пайда табуға уәде берген.

    Өзінің ұсынысына сендіру үшін күдікті клиенттермен нотариус арқылы куәландырылған келісімшарттар жасаған. Алайда ірі көлемдегі қаражатты алғаннан кейін, тергеу нұсқасына сәйкес, уәдесін орындамай, ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның осыған ұқсас өзге де алаяқтық деректеріне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

    Полиция азаматтарды инвестициялық жобалар туралы ақпаратты мұқият тексеруге, жоғары табысқа кепілдік беретін уәделерге сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →