Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді «Түркияға табыс табуға кеткен»: Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталып кетті «Өткен өміріме өкінішпен қарамаймын»: Сәбит Әбдіхалықов тосын жазба жариялады «Үйлену туралы өзім бірінші айттым»: Алтынай Жорабаеваның қызы күтпеген мәлімдеме жасады Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді «Түркияға табыс табуға кеткен»: Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталып кетті «Өткен өміріме өкінішпен қарамаймын»: Сәбит Әбдіхалықов тосын жазба жариялады «Үйлену туралы өзім бірінші айттым»: Алтынай Жорабаеваның қызы күтпеген мәлімдеме жасады Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты

    «Өткен өміріме өкінішпен қарамаймын»: Сәбит Әбдіхалықов тосын жазба жариялады

    «Өткен өміріме өкінішпен қарамаймын»: Сәбит Әбдіхалықов тосын жазба жариялады

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, өмірден түйгендерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі жылдар өткен сайын адамның өмірге деген көзқарасы өзгеретінін айтып, шынайы бақыттың құнын түсінгенін жеткізді.

    «Алланың қалауымен бүгін елу үш жасқа толдым. Жас ұлғайған сайын уақыттың қалай өткенін емес, өмірдің нені үйреткенін көбірек ойлайсың екен. Кеше ғана армандап жүрген күндер бүгінде естелікке айналыпты. Қуаныш та көрдік, қиындық та көрдік. Бірі қанаттандырды, бірі шыңдады. Сенім артқан адамдар да болды, сенімді ақтамағандар да кездесті. Бірақ уақыт өте келе бәріне ренжімейсің, бәріне ризашылықпен қарай бастайды екенсің. Өйткені адамның мінезін де, өмірдің мәнін де сынақ ашады. Осы жасқа жеткенде түсінгенім – өмірдің шынайы байлығы жиған дүниеде де, алған атақта да емес екен. Адамның байлығы – деннің саулығы, отбасының амандығы, ата-ананың берген тәрбиесі, перзенттің күлкісі, достың адалдығы, елдің ықыласы екен. Қалғанының бәрі уақытпен бірге өзгереді», – деп жазды актер.

    Сондай-ақ ол өткен өмір жолына өкінішпен емес, шүкіршілікпен қарайтынын айтып, өзіне әрдайым қолдау білдірген жандарға ризашылығын білдірді.

    «Бүгін өткен өміріме өкінішпен емес, шүкіршілікпен қараймын. Себебі әрбір басқан қадамым, әрбір жеңісім мен жеңілісім, әрбір қуанышым мен қайғым мені бүгінгі қалпыма жеткізді. Алла Тағала осындай ғұмырды нәсіп еткеніне шүкір. Ата-анамның ақ батасына, отбасымның тірегіне, туған-туыс, дос-жарандарымның ықыласына, әріптестерім мен мені құрметтеп жүрген барша жандарға ризамын. Алла алдағы өмірімде де елге адал қызмет етуді, өнерге шынайы еңбек етуді, жақсылық жасаудан танбауды нәсіп етсін. Денімізге саулық, жүрегімізге иман, шаңырағымызға амандық, елімізге тыныштық берсін. Елу үш – өмірдің тоқырауы емес, кемелдікке бастар белесі. Әлі де үйренеріміз көп, атқарарымыз көп, айтар сөзіміз де аз емес. Шүкір! Барлық мақтау бір Аллаға!» – деді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →