Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды
Жапонияның Кумамото префектурасында 7,1 магнитудалы жер сілкінісі болып, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды. Aeon Mall сауда орталығы опырылып, зардап шеккендер бар.
Сурет: arasha.kz
Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын қуатты жер сілкінісі болды. Апат салдарынан өңірде елеулі қираулар орын алып, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Алдын ала деректерге сүйенсек, сілкініс жолдардың бүлінуіне және бірнеше көпірдің зақымдануына себеп болды. Сонымен қатар бірқатар аудандарда өрт шығып, төтенше жағдай қызметкерлері оны сөндіруге кірісті.
Жер сілкінісі кезінде Aeon Mall сауда орталығының бір бөлігі опырылып түсті. Үйінді астында адамдар қалып қойғаны, кейбірінің қаза тапқаны хабарлануда. Ондаған зардап шегуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Мамандар үйінділерді аршып, аман қалғандарды іздестіруде. Билік тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және афтершок болуы мүмкін екенін ескертті.
