Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті

    Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші айналымына шықты. Қарымта матчта пенальти сериясында «Омонияны» жеңді.

    «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті

    Сурет: 1bol.kz

    Алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші айналымына шықты деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Екі матчта да алматылықтар сан жағынан артықшылықпен ойнаған. Бір апта бұрын Кипрде өткен бірінші ойында «Омония» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қарымта матч дәл сол есеппен «Қайраттың» пайдасына шешіліп, жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы қажет болды.

    Ойынның 26-минутында кипрлік клуб шабуылшысы Андроникос Какулис дөрекі ойын көрсетіп, алаңнан қуылды. Төреші оған қызыл қағаз көрсеткеннен кейін бір футболшысы артық болған «Қайрат» қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. 37-минутта Эдмилсон есепті ашып, алматылықтарды алға шығарды. Кейін команда бірнеше мүмкіндік жасағанымен, есеп өзгермеді.

    Қосымша уақытта да гол соғылмады. Пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Омонияның» шешуші соққысын қайтарып, командасына жеңіс әперді.

    Үшінші айналымда «Қайрат» Болгарияның «Левски» клубы мен Румынияның «Университатя Крайова» командасы арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →