Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды •

    Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты

    Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты

    Фото: видеодан скрин

    Баянауылдағы танымал блогерлер мақтаған «Qaiyndy Village» демалыс базасына келген демалушы тәулігіне 95 мың теңге төлеген нөмірінің сорақы сиқын көрсетті, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Бейнежазба авторының айтуынша, бөлмеде жағымсыз иіс мүңкіп, қабырғалары кірлеп, төбеден су аққан іздер қалған.

    Сонымен қатар, едендегі шаң мен төсек астындағы бұрынғы қонақтардан қалған қоқыс тазалықтың атымен жоқ екенін айғақтайды. Ең сорақысы — дәлізде өрт дабылы жүйесінің ашық-тесік электр сымдары салбырап, демалушылардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп тұр.

    Ал кіреберістегі тайғақ кафельге тіпті сырғанауға қарсы кілемше де төселмеген. Елдегі туризмнің шынайы бет-бейнесін көрсеткен бұл бейнежазба желіде үлкен резонанс тудырды.

    Видео: azattyq.ruhy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →