Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс тоқтатылды Әкімдік депутат пен Қытай азаматшасына қатысты іске түсінік берді Зеленский мен Трамп Овал кабинетінде кездесті Қазақстандағы ең аз ұлт — коми халқы: 240 адам Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс тоқтатылды Әкімдік депутат пен Қытай азаматшасына қатысты іске түсінік берді Зеленский мен Трамп Овал кабинетінде кездесті Қазақстандағы ең аз ұлт — коми халқы: 240 адам Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды

    Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс тоқтатылды

    Ақмола облысында Көкшетаудағы тұрақта жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс амнистия бойынша тоқтатылды. Әйелге 2,5 жылға сотталған.

    Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс тоқтатылды

    Сурет: tengrinews.kz

    Ақмола облысында Көкшетаудағы тұрақта жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйелдің күйеуіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 9 мамыр күні Көкшетаудағы тұрақта болған. Бейнебақылау камерасының жазбасында көліктің тұраққа кіре берісте жолдың бойымен келе жатқан әйелді қағып, басып өткені көрінеді. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған.

    Кейін көлік тізгінінде әйелдің отырғаны, оның арнайы жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Үйдің ауласына бұрылу кезінде ол жаяу жүргіншіні қағып, зардап шегуші ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды.

    Сол кезде полиция көлік тізгінін әйелге оның күйеуі бергенін хабарлаған, осыған байланысты оған қатысты Қылмыстық кодекстің 349-бабының 3-бөлігі («Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамды басқаруға жіберу») бойынша жеке сотқа дейінгі тергеу басталған.

    Бүгін, 28 шілдеде, Ақмола облысы полиция департаменті ер адамға – көлік иесіне – қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.

    «Көлік құралының иесіне қатысты қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлініп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тергелді. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы (амнистия актісін қолдануға байланысты) негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы процестік шешім қабылданды», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

    Еске сала кетейік, жаяу жүргіншіні қаққан әйелге қатысты қылмыстық іс биылғы маусым айында сотта қаралды. Сонда сотталушы жүргізуші куәлігі болмаса да, күйеуінің денсаулығы нашарлап кеткендіктен оның рұқсатымен көлікке отырғанын түсіндірді.

    23 маусымда Көкшетау қалалық соты азаматша С.-ға қатысты жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан (ҚК 345-бабы 3-бөлігі) үкім шығарды. Сотталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігі (заң кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге жазаны кейінге қалдыруды міндеттейді) негізінде жазаны өтеу сотталушының тәрбиесінде екі кәмелетке толмаған баласы болғандықтан 3 жылға кейінге қалдырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →