Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды •

    Шеге майыстырумен танылған Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды

    Шеге майыстырумен танылған Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды

    Фото: instagram.com/wf_rk

    Қазақстандық танымал спортшы әрі қоғам қайраткері Сергей Цырульников Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы федерацияның ресми парақшасында жарияланды. Федерация мәліметінше, оның мол тәжірибесі, көшбасшылық қабілеті мен жауапкершілігі ауыр атлетиканың дамуына тың серпін береді. Сондай-ақ ұйым жаңа вице-президенттің спортшыларды біріктіріп, саланың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

    Айта кетейік, Сергей Цырульников – Қазақстан Республикасының Ізгі ниет елшісі, Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры. Ол «Құрмет» және «Достық» мемлекеттік ордендерінің иегері, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген рекордшы және әлемдік деңгейдегі бірнеше рекордтың авторы. Сонымен қатар, көптеген әлеуметтік және қайырымдылық жобалардың бастамашысы ретінде де танымал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →