Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті •

    «Бес автокөлік тігіледі»: Президент Тоқаев Тоқтар Әубәкіровты мерейтойымен құттықтады

    «Бес автокөлік тігіледі»: Президент Тоқаев Тоқтар Әубәкіровты мерейтойымен құттықтады

    Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті 80 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Президенттің құттықтау хаты Астанада өткен салтанатты жиында оқылды.

    27 шілдеде Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды. Осыған орай елордада ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада Президенттің құттықтауын Премьер-министр Олжас Бектенов көпшілікке жеткізді.

    «Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған құттықтауда.

    Президент өз құттықтауында Тоқтар Әубәкіровтің аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан еңбегін жоғары бағалап, мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.

    Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған негізгі мерекелік шаралар 1 тамыз күні Қарағанды облысының Қарқаралы өңірінде өтеді. Ғарышкердің туған жерінде кең көлемді той ұйымдастырылып, бес автокөлік тігіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →