Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті •

    Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген

    Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген

    Фото: pixabay

    Астанада автосалон менеджері клиенттердің сенімін пайдаланып, құны 23 миллион теңге болатын екі автокөлікті алаяқтық жолмен иемденген. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Прокуратураның мәліметінше, қаладағы автосалондардың бірінде сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген ер адам пайдакүнемдік мақсатта алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қала тұрғындарына тиесілі екі автокөлікті заңсыз иемденген.

    Жәбірленушілер өздеріне тиесілі «Changan CS55 Plus» және «Toyota Camry» автокөліктерін әрі қарай сату үшін автосалонға тапсырған. Кейін ер адам көлік иелеріне автокөліктерге сатып алушы табылғанын айтып, ақшасы бірнеше күн ішінде аударылатынына сендіріп, көліктерді үшінші тұлғаның атына қайта рәсімдеуге көндірген.

    «Автокөліктер қайта рәсімделгеннен кейін сотталушы оларды сатудан түскен ақшалай қаражатты өз қалауынша жұмсаған. Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге жалпы сомасы 23 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді», – делінген прокуратураның хабарламасында.

    Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Қала прокуратурасы меншікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін еске салады және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →