Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Екібастұзда сұмдық жағдай: Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін Ертіс өзенінде 8 жастағы бала анасының көзінше суға ағып кетті Екібастұзда сұмдық жағдай: Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін Ертіс өзенінде 8 жастағы бала анасының көзінше суға ағып кетті

    Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін

    Фото: X/Zhanibek/Alimxanuly

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 2026 жылдың соңына дейін британдық Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бұл болжамды X әлеуметтік желісінде танымал бокс сарапшысы Tokkerü жариялады.

    – Биыл Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегін көреміз деп ойлаймын, – деп жазды ол.

    Бұл пікірді тағы бір танымал бокс шолушысы Хулиус Хулианис те қолдап, Шираз бен Жәнібек арасындағы айқасты көргісі келетінін жеткізді.

    Ал Hamed Boxing лақап атымен танымал аналитик ықтимал кездесуде фаворит ретінде қазақстандық боксшыны атады.

    – Орта салмақтағы жекпе-жекте мен Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздан басым санаймын, – деп жазды сарапшы.

    Айта кетейік, бұл кездесу туралы әңгіме Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдегеннен кейін қыза түсті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінен өз еркімен бас тартып, мансабын жаңа дивизионда жалғастыруға шешім қабылдаған болатын. Сондықтан Ширазбен болатын ықтимал жекпе-жек оның жаңа салмақтағы алғашқы үлкен сынағы болуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →