Түркістан тұрғыны туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: Pixabay
Түркістанда сал ауруына шалдыққан ер адам анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Otyrar.kz басылымында хабарланды, деп жазады Qazaqtoday.info сайты.
Қанды қылмыс Түлкібас ауданында болған. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылған.
Ауыл тұрғындары сөзінше, шамамен 40 жастағы азамат туған анасын өз үйінде пышақтап өлтіргенін хабарлаған. Бұл қадамға не түрткі болғаны әзірге белгісіз.
Бүгінде болған жайтты облыстық полиция департаменті растады. Қазір күдікті қамауға алынып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
