Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Бастауыш сыныптағы бес пән бойынша формативтік бағалау енгізіледі БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Бастауыш сыныптағы бес пән бойынша формативтік бағалау енгізіледі

    «Вова ағамды көмекке шақырамыз»: Ұлтаралық алауыздықты тудырған журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Алматы полициясы «Европа Плюс Қазақстан» радиостанциясы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Любовь Панованың үстінен қылымыстық іс қозғады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық алауыздықты қоздырған радиожүргізушіге қатысты сараптамалар тағайындалып, азаматшаның үстінен ҚР ҚК-нің 174 бабы бойынша іс қозғалған.

    «Ұлтаралық алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймын. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді өткізу Алматы қаласы полиция Департаментінің Тергеу басқармасына жүктелді. Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 наурызында іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданды», — деді қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

    Любовь Панова  өзінің жазбасы арқылы РФ Президентін көмекке шақыратындарын ел тұрғындарына меңзеген. Бұл жазба оқырмандарға тез тарап, тұрғындардың ашуына тиген. Аталған мәлімдемеден кейін «Европа Плюс Қазақстан» радиостанциясының басшылары Любовь Панованы жұмыстан шығарды. Еске салайық, Любовь Панова фейсбукта қазақстандықтарға қарата «Көп сөйлей берсеңдер, Вова ағамды көмекке шақырамыз» деп жазған еді. Қылмыстық кодекстің 174 бабында жазылған іс-әрекет дәлелденсе, күдіктіге  2-7 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →