Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды •

    Арсыз туыстың арамдығы: Жамбыл облысында екінші сыныптың қызын зорлаған туысы өмір бойына сотталды

    Арсыз туыстың арамдығы: Жамбыл облысында екінші сыныптың қызын зорлаған туысы өмір бойына сотталды

    Фото: Массагет

    Жамбыл облысында екінші сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен еркек өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

    Қайғылы жағдай өңірдегі шалғай ауылдардың бірінде тіркелген. Отбасы әкесі өндіріс орнында еңбек етіп, анасы еден жуушы болып жұмыс істеген қарапайым жанұя болған. Балалар болса, жасы ұлғайып, көру қабілетінен айырылған атасының қарауында қалған.

    Оқиға күні әкесі үлкен ұлы мен қызын ертіп қалаға кеткен. Үйде қария, екінші сыныпта оқитын немересі және бесіктегі сәби ғана болған. Тергеу материалдарына сәйкес, түскі сағат 13:30 шамасында үйге алыс туыстарының бірі Wi-Fi құпиясөзін сұрап келген. Ересектердің жоқтығын пайдаланған ол кәмелетке толмаған қызға «Әкел, бетіңді сүйейін» деген сылтаумен қылмыстық әрекет жасаған. Осылайша қаскөй баланың дәрменсіздігі мен атасының зағиптығын пайдаланып, кішкентай қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін істеген.

    Оқиғадан кейін күдікті ештеңе болмағандай кетіп қалған. Кешке жұмыстан оралған анасына қызы өзін жайсыз сезінетінін айтып, күндіз үйге келген туысы туралы баяндаған. Осыдан кейін әйел бірден полицияға хабар берген.

    Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қажетті дәлелдерді жинап, сараптама тағайындаған. Сараптама қорытындысы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →