Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО)

    Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды

    Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды

    Фото: © istockphoto.com

    Ақтөбе тұрғыны Литвада жоғары жалақылы жұмыс ұсынған хабарландыруды көріп, соған сенген. Жұмысқа орналастыру қызметі үшін ол 600 мың теңге аударған. Оған Литвада қарсы алып, жалақысы жоғары жұмыс тауып беруге уәде етілген, деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Жұмыссыз азамат өз қаражатына Алматыға дейін пойыз билетін, одан әрі Литваға ұшақ билетін сатып алған. Бұған 365 мың теңге жұмсаған. Сондай-ақ уақытша тұруға рұқсат (ВНЖ) рәсімдеуге 94 мың теңге төлеген. Алайда Литваға барған кезде оны ешкім қарсы алмаған, уәде етілген жұмыс та ұсынылмаған. Ақшасы таусылып, бөтен елде түнеуге де жері болмаған.

    Кейін туыстары оған елге қайтуға ақша жіберген. Ол Литвада бір апта болған.

    Алаяқтардың құрбаны болған азамат Ұлттық тұтынушылар палатасына жүгінген. Палата мамандарының көмегімен сот арқылы ол жұмсаған барлық қаражатын қайтарып алып, моральдық шығын үшін қосымша 200 мың теңге өндіріп алған.

    «Қазір бұл азаматтың жағдайы жақсы. Ол өз кәсібін ашты және енді күмәнді жұмысқа орналастыру туралы уәделерге сенбейді», – деді «Ұлттық тұтынушылар палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ислам Болатов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →