Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды

    Алматыда электр қуаты тарифтерін көтеру жоспарлануда

    Алматы мен Алматы облысында электр қуаты тарифтерін 8,3%-ға көтеру жоспарлануда. «Алатау жарық компаниясы» жаңа тарифті 39,36 теңге деңгейінде белгіледі.

    Алматыда электр қуаты тарифтерін көтеру жоспарлануда

    Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы тарифтерін арттыру жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. Krisha.kz-тің хабарлауынша, «Алатау жарық компаниясы» жаңа шекті тарифке өтінім жіберген.

    Кәсіпорын тарифті 39,36 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Өсім 8,3% құрайды. Мақұлданған жағдайда өзгеріс 20 тамыздан бастап күшіне енеді.

    Компания тарифтің өсуін электр энергиясын сатып алу құнының артуымен түсіндіреді. 15 шілдеден бастап баға 13 теңгеден 16 теңгеге дейін өсті – бұл шамамен 23%. Алдыңғы өсім 5 маусымда болған еді, қазіргі тариф ҚҚС-сыз 36,33 теңге/кВт·с құрайды.

    Мамыр айының басында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жылу және су тарифтерінің өсуінен кейін газ бен теміржол тасымалының бағасы да көтерілетінін мәлімдеген болатын. 1 шілдеден бастап көтерме газ құны 33%-ға өсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →