Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек

    Қыздардың қырқысы: Алматыда жасөспірім қызды соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Қыздардың қырқысы: Алматыда жасөспірім қызды соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Фото: ІІМ

    Алматыда бір топ бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды аяусыз соққыға жығып, қорлаған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Осы оқиғаға байланысты қалалық полиция ресми түрде қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Таралған кадрлардан бір топ қыздың замандасын шашынан сүйреп, бетінен ұрып, балағаттағанын және тізерлеп тұруға мәжбүрлеп, қорлағанын анық көруге болады. Бұл бұзақылық әрекеттердің барлығы ұялы телефон камерасына таспаға басылған.

    Әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметінше, бұл бейнероликті интернетке соққыға жығу сәтіне қатысқан қыздардың бірінің өзі жүктеуі мүмкін. Кейіннен жазба желіден өшірілгенімен, оған дейін көптеген пабликтер мен мессенджерлерде кеңінен тарап үлгерген.

    Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған заңсыз әрекеттердің анықталғанын растады.

    «Осы дерек бойынша Наурызбай аудандық Полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың барлығының жеке басы толықтай анықталды», — деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

    Қазіргі сәтте тергеушілер оқиғаның толық мән-жайы мен себептерін анықтау үстінде. Қылмыстық істің барысы мен тергеу амалдары Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →