Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты

    «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО)

    «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО)

    Фото: ҚР ТЖМ

    Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында шыққан ірі орман өрті ерекше бақылауға алынды. Өрт ошағына Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және Абай облысының әкімі Берік Уәли барды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ведомство мәліметінше, олар өрттің ең күрделі учаскелерін аралап, жергілікті жердегі жедел ахуалды бағалады.

    ТЖМ мәліметінше, өрт аумағында жедел штаб жұмыс істеп тұр. Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жетекшісінің баяндамасын тыңдап, күштер мен техниканың орналасуын тексерді. Сондай-ақ құтқарушылар тобын күшейту және өртті сөндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша қосымша тапсырмалар жүктеді.

    Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 600-ден астам адам, 160-тан астам жерүсті техникасы және жеті тікұшақ жұмылдырылған. Өртті оқшаулау жұмыстары тәулік бойы, оның ішінде түнгі уақытта да жалғасып жатыр.

    Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, «Семей орманындағы» ірі өртті сөндіру барысында авиация 123 мәрте су төгіп, өрт ошағына жалпы 157 тонна су жеткізілген.

    16 шілде күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы саны 10 орман өрті тіркелген. Оның біреуі Қарағанды облысында, төртеуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында, алтауы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.

    «Ертіс орманындағы» өрттердің басым бөлігі найзағайдың түсуінен шыққан. Қазір мамандар аумақты тексеріп, өрт ошақтарын оқшаулау және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Құтқару қызметінің мәліметінше, өңірлерде аптап ыстық пен құрғақ ауа райының сақталуына байланысты өрт қаупі өте жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты барлық жұмылдырылған бөлімшелер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →