Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды •

    Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды

    Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды

    Фото: видеодан скрин

    Оқиға Астана қаласының Байқоңыр ауданында Ш.Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды.

    Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады.

    Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

    Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған.

    Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды.

    Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →