Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Блогер-шмогерлер: Меруерт Түсіпбаева Құрылтайға кандидат әншілер туралы бәрін жайып салды Трамп Ирандағы әскери операцияларды кеңейту мүмкіндігін қарастыруда Тойға шығатын деңгейге жеткізші: Ернар Айдар өзі төрт жыл тегін тұрған үйдің иесіне сыйлаған машинаны тартып алған «Шоуға тойып болдық»: алаштанушы билікпен қоса Аша Матай мен Тамара Асарға шүйлікті 48 градус аптап ыстық: алдағы бес күнде жауын-шашын болмайды Лионель Месси ӘЧ-2026 жартылай финалында әлемдік рекордтарды жаңартты Блогер-шмогерлер: Меруерт Түсіпбаева Құрылтайға кандидат әншілер туралы бәрін жайып салды Трамп Ирандағы әскери операцияларды кеңейту мүмкіндігін қарастыруда Тойға шығатын деңгейге жеткізші: Ернар Айдар өзі төрт жыл тегін тұрған үйдің иесіне сыйлаған машинаны тартып алған «Шоуға тойып болдық»: алаштанушы билікпен қоса Аша Матай мен Тамара Асарға шүйлікті 48 градус аптап ыстық: алдағы бес күнде жауын-шашын болмайды Лионель Месси ӘЧ-2026 жартылай финалында әлемдік рекордтарды жаңартты

    48 градус аптап ыстық: алдағы бес күнде жауын-шашын болмайды

    48 градус аптап ыстық: алдағы бес күнде жауын-шашын болмайды

    Фото: pixabay

    Кей жерлерде ауа температурасы 48 градусқа дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК қысқа мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы Ардақ Қалменова айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта Түркістан және Қызылорда облыстарында күндіз ауа температурасы 43-45 градусқа дейін көтерілген.

    — Осындай қатты ыстық 18 шілдеге дейін жалғасады. Осы өңірлерде күндіз ауа температурасы 43-48 градусқа дейін жетеді деп болжанып отыр. Бұл — шілде айы үшін қалыпты құбылыс. Сондай-ақ еліміздің бұл аймағында алдағы бес күнде жауын-шашын күтілмейді, — деді Ардақ Қалменова.

    Маманның түсіндіруінше, қазіргі аптап ыстыққа Иран аумағынан келіп жатқан ыстық әрі құрғақ ауа массалары себеп болып отыр. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары.

    — Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында әзірге күндіз 23-31 градус шамасында болады. Алайда 18 шілдеден бастап бұл өңірлерде де ыстық күшейіп, ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс өңірлерде ауа температурасы біршама төмендеп, күндіз 23-31 градус болады, — деді басқарма басшысы.

    Сонымен қоса «Қазгидромет» маманы Астананың ауа-райы болжамына да тоқталып өтті.

    — Астанада бүгін күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілді. Ертең 30-33 градусқа дейін төмендейді. Алайда 18 шілдеден бастап елордада қайтадан ыстық күшейіп, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін жетеді, — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →