Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты
Фото: видеодан скрин
Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы Теңіз және Новониколаевка ауылдарының арасындағы тас жолдың жабыны мүлдем бұзылып, бүгінде жарамсыз күйге түскен.
Жергілікті жүргізушілердің айтуынша, жолдағы терең шұңқырлар мен жарықтардан тіпті «Land Cruiser» сияқты ірі көліктердің өзі өте алмай қиналуда. Бұл жолдың мұндай апатты жағдайға жетуіне сол өңірде тоқтаусыз қатынайтын ауыр жүк тиеген «Шахман» самосвалдары тікелей себеп болып отыр. Тұрғындар бұл проблеманың көптен бері шешілмей келе жатқанын айтып, жауапты органдардан жолды шұғыл жөндеуді талап етеді.
Алайда Қостанай облысының әкімдігі мен аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бұл маңызды инфрақұрылымдық мәселеге әлі күнге дейін нақты назар аудармай келеді. Өңір билігінің тарапынан бақылаудың жоқтығынан қарапайым халық күнделікті қатынаста көліктерін сындырып, жол азабын тартуға мәжбүр.
Видео: @ng.kz_
