Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады «Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады

Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады

Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады

Фото: видеодан скрин

Астанада бұрынғы жұбайының әрекетінен зардап шеккенін айтқан ер адам әділдік іздеп жүр. Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін де экс-әйелі соңынан қалмай, аңдып, психологиялық қысым көрсетіп келеді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Ер адамның сөзінше, бұл жағдай екі жыл бұрын ажырасқаннан кейін басталған. Айтуынша, бұрынғы жұбайы үнемі хабарласып, аңдып, түрлі жанжал туғызған. Заңгерлер мұндай әрекеттердің сталкинг белгілеріне сәйкес келуі мүмкін екенін айтады.

Ол бірнеше рет полицияға жүгінгенімен, арыздары толық қаралмағанын жеткізді. Оның сөзінше, құқық қорғау органдары «ер адамсың ғой, кешіре сал» деген көзқараспен істі жаба салған.

Заңгер Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, “Ер адамның тарапынан ешқандай құқықбұзушылық болмаған. Балағат, былапыт сөздер айтылмаған. Оның барлығының дәлелі бар. Оған қарамастан құзырлы органдар тиісті әділ шешімін шығармаған. Сондықтан да бізге жүгінді. Қазір енді бұл жерде бала мәселесі қарастырылып жатыр. Одан кейін азаматтың жеке басы қауіпсіздігі сталкинг бойынша және де ол азамат екі жылдан кейін, жаңа отбасы құру мақсатында бір азаматпен сөз байланысады”, – деді заңгер Нұрсұлтан Орынбеков.

Қазір ер адам өзіне қатысты айтылған уәждердің заң аясында әділ қаралуын талап етеді. Оның айтуынша, екі баласы өз тәрбиесінде, ал өзі бұрынғы жұбайының мазалауын тоқтатқанын қалайды.

Заңгерлердің пікірінше, сотта екі тарапқа да өз дәлелдерін ұсынуға тең мүмкіндік берілуі тиіс. Олар ер азаматтарға қатысты істерде кейде барлық уәж толық ескерілмейтінін айтып отыр. Мамандар сталкинг пен қысым көрсету фактілеріне қатысты заң талаптары ер мен әйелге бірдей қолданылып, құқықбұзушылық дәлелденген жағдайда жауапкершілік те бәріне ортақ болуы қажет екенін атап өтті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →