Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты •

    Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді

    Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді

    Фотоколлаж: dknews.kz

    Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік қызметтің белгісі болуы мүмкін банк аударымдарына байланысты 114 мың қазақстандыққа хабарлама жіберді. Алайда әзірге олардан бұл қаражаттың қайдан түскенін түсіндіру талап етілмейді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) «Курсивке» 2026 жылдың бірінші тоқсанында банктер ұсынған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді тексеру қорытындысын мәлімдеді. Банктер бір азамат кәсіпкерлікке арналған есепшотты пайдаланбай, қатарынан үш ай бойы ай сайын 100-ден астам адамнан жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (2026 жылы – 1 млн теңгеден) асатын мобильді аударым алған жағдайда бұл туралы МКК-ға ақпарат жолдаған.

    Банктер ұсынған мәліметтерді талдау нәтижесінде 114 мың қазақстандық осы талаптарға сәйкес келген.

    Бірінші кезеңде оларға тек «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы белгіленген критерийлерге сәйкес келетін ақша аударымдарын алғаны жөнінде хабарлама жіберілді. Бұл олардың дәл қазір аударылған қаражаттың қайдан түскенін түсіндіруге міндетті екенін білдірмейді.

    Екінші кезеңде, салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін, мемлекеттік кірістер органдары банктерден алынған мәліметтерді азаматтардың декларацияларымен салыстырады. Егер айырмашылықтар анықталса, камералдық бақылау рәсімі басталады.

    Мұндай жағдайда салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолданады. Оны орындау үшін 30 күн уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде азамат жаңартылған салық есептілігін тапсыруы немесе қаражаттың шығу тегі туралы түсініктеме беруі тиіс.

    «Осылайша, қазіргі уақытта жеке тұлғалардың өз шоттарына түскен қаражаттың шығу тегіне қатысты түсініктеме беру міндеті жоқ, өйткені салықтық бақылаудың тиісті рәсімдері әлі аяқталған жоқ», – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →