Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті

    Ажал аймағы: СҚО мен Қостанай облысынның арасындағы трасса қирап жатыр

    Ажал аймағы: СҚО мен Қостанай облысынның арасындағы трасса қирап жатыр

    Фото: видео скриншот

    Қостанай облысының теп-тегіс асфальты аяқталып, Солтүстік Қазақстан облысының аумағына өткен сәтте жүргізушілер нағыз жол апатына тап болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Екі өңірдің әкімшілік шекарасындағы бұл көрініс СҚО әкімдігінің жол жөндеуге жауапты шенеуніктері өз міндетіне салғырт қарағанын көрсетеді. Жүргізушілердің айтуынша, облысқа кіре беріс жол атқылаудан кейінгі полигонды елестетеді: шұңқырдан көз сүрінеді, ал өткір жиекті орындар көліктің тас-талқанын шығаруда.

    Темір тұлпарларын аман сақтағысы келген жеңіл және ауыр жүк көліктерінің иелері қарсы бағытқа шығып немесе жол жиегіне қашып, өмірлерін қауіпке тігуге мәжбүр. Таяуда басталатын егін жинау науқанында бұл жолмен мыңдаған ауыр астық тасығыштар мен ауыл шаруашылығы техникасы жүретінін ескерсек, онсыз да қираған трассаның күлі көкке ұшқалы тұр.

    СҚО басшылығы халықтың ашу-ызасын тудырған осы масқараны қашан реттейді, әлде егін орағының тоқтауын күтіп отыр ма?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →