Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Бензин тапшылығы: Министрлік болжамына сенуге бола ма? Оралда халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафтың ішінен табылды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Бензин тапшылығы: Министрлік болжамына сенуге бола ма? Оралда халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафтың ішінен табылды

Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген

Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген

Фото: Видеодан скрин

Павлодар облысында ҰҚК мен полиция ауқымды арнайы операция жүргізді. Жедел уәкілдер Ақсу мен Екібастұз қалаларында қорқыту арқылы азаматтардан жүйелі түрде ақша талап етіп келген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Облыстық ПД мәліметінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер  қорқыту арқылы азаматтардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің қатарында оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар.

Тінту шаралары барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және іс бойынша дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

«Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығының орынбасары Диас Қадыров.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика