Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері •

    937 миллиардтың жұмбағы: QazaqGaz басшысы Шәрібаевтың миллиардтары туралы сұраққа нақты жауап бере алмады

    937 миллиардтың жұмбағы: QazaqGaz басшысы Шәрібаевтың миллиардтары туралы сұраққа нақты жауап бере алмады

    Үкімет отырысынан кейін өткен дәстүрлі брифингте «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов журналистердің өткір сұрақтарына нақты жауап бере алмай, мүдірді. Саланың өткендегі былықтары мен экс-басшы Қайрат Шәрібаевтың көлеңкелі схемалары туралы қойылған сауал бас шаһардағы тілшілер қауымы мен ұлттық компания жетекшісі арасындағы қызу текетіреске ұласты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен жиында журналистер 2022 жылы газ саласында әшкереленген 937 миллиард теңгенің қаржылық заңбұзушылықтары мен оффшорлық тізбектерді алға тартты. Әсіресе, бұрынғы басшылықтың туыстарына қатысы бар фирмалардың ұлттық компания активтерін иеліктен шығару әрекеттері мен сол күмәнді мердігерлердің әлі күнге дейін «QazaqGaz» жүйесінде тайраңдап жұмыс істеп жүргені туралы ақпаратты растауды талап етті.

    Алайда, миллиардтаған халық қазынасына жауапты басшының уәжі брифинг залындағыларды таңғалдырды. Әлібек Жамауов: «2022 жылы дәл не болғанын мен егжей-тегжейлі біле бермеймін…

    «Қазақғаз» атынан бұған қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын», – деп жауапкершілікті құқық қорғау органдарына ысыра салды.

    Ал Шәрібаевпен байланысты мердігерлердің бүгінгі жұмысы туралы сұраққа тек «Бүгінгі таңда жоқ, ондайлар жоқ» деп қысқа қайырды.

    Фото: qazaqgaz.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →