Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    Қапшағай су қоймасында қыз бен жігіт суға батып кетті

    Қапшағай су қоймасында қыз бен жігіт суға батып кетті

    Фото: Видеодан скрин

    Алматы облысы Қапшағай су қоймасында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    ТЖМ мәліметінше, 1 шілдеде «112» пультіне Қонаев қаласының «Жаса» демалыс аймағы ауданында, шомылуға жабдықталмаған жерде екі жас адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

    Құтқарушылар келгенге дейін демалушылар жағадан шамамен 30 метр қашықтықта су ішінде болған 2006 жылғы бойжеткеннің денесін шығарған. Екінші жоғалған адамды іздестіру үшін Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылған.

    — Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 2 шілде күні таңертең құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалау сызығынан 2004 жылы туған ер адамның денесін тапты. Ол алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқан бойжеткенмен бірге болған, — деп хабарлады министрліктен.

    ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті екенін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →