Басты бет » Қоянды су қоймасында ер адам қаза тапты

Қоянды су қоймасында ер адам қаза тапты

Фото: ТЖМ

Астанада Қоянды су қоймасының тыйым салынған аймағында шомылған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусымда Ақмола облысының Целиноград ауданында болған.

1987 жылы туған ер адам достарымен бірге демалып жүрген. Ол Қоянды су қоймасының тыйым салынған аймағында шомылған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас болған, — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Жүзу кезінде ер адам суға батып кеткен. Демалушылар оны таба алмады. Оның денесін Астана қаласынан келген сүңгуірлер алып шықты.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика