Басты бет » Бразилия Гаитиді 3:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатында көш бастады

Бразилия Гаитиді 3:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатында көш бастады

Бразилия Гаитиді 3:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатында көш бастады

Фото: Rafael Ribeiro / CBF

Бразилия құрамасы әлем чемпионатының С тобындағы екінші матчта Гаитиді 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Филадельфияда өткен кездесуде Матеус Кунья дубль жасап, Винисиус Жуниор тағы бір гол соқты. Бразилиялықтар төрт ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша Мароккодан озып тұр.

Топтың басқа ойынында Марокко Шотландияны 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Исмаэль Сайбари матчтың екінші минутында соғып, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ең жылдам голдың авторы атанды.

Шотландия үш ұпаймен үшінші орында, ал Гаити ұпайсыз топты жабады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика