Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты жиында дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

    Бүгін Ақордада Медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Президент өз сөзінде медицина саласының маңыздылығына тоқталып, «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық даналығын еске салды. Ол ұлт саулығы еліміз үшін басты құндылық екенін атап өтіп, медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті екенін айтты.

    Мемлекет басшысы барлық медицина қызметкерлеріне адал еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, олардың қоғамдағы орны айрықша екенін жеткізді. Сондай-ақ, дәрігерлердің азаматтардың денсаулығын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →